Отандық кәсіпкерлерге 148 млрд теңгеден астам несие берілді

27 Шілде 2020, 14:34
1724
Бөлісу:
Отандық кәсіпкерлерге 148 млрд теңгеден астам несие берілді

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Аграрлық несие корпорациясы бірінші жарты жылдықта 4913 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландырды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі. 

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпкерлер жалпы сомасы 148.4 млрд теңге көлеміндегі несие рәсімдеді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жеңілдетілген несие беру бағдарламалары арқылы елде 12571 жұмыс орны қаржыландырылса, тағы 3798 жаңа жұмыс орындары ашылады. "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-нан несие алып, төменгі пайыздық мөлшерлеме бойынша кәсіпкерлер мал, ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтар сатып алды, айналым қаражатын толықтырған, өндірістік нысандарды салып және жаңғыртуға кірісті.

Пандемияға қарамастан, ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру үздіксіз жүргізілуде. Оның ішінде: 38,5 мың бас ірі қара, 84,3 мың ұсақ мал, 20,8 мыңнан астам жылқы, 1402 түйе және 90 шошқа. Сондай-ақ мыңнан астам бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен 312 бірлік құрал-жабдықтар сатып алынды. Айналым қаражатын толықтыруға 98,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, - деп нақтылады "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев.

АӨК саласын қаржыландыру көшбасшысына несие беру бағдарламалары ауыл кәсіпкерлері арасында кең сұранысқа ие. 

Айталық, көктемгі дала жұмыстары "кең дала" және "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 81 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырылса, 27 млрд теңгеден астам несие "Агробизнес" бағдарламасы бойынша берілді, 3,3 млрд теңгеге "Сыбаға" бағдарламасы бойынша мал сатып алынуға жұмсалған және 16,6 млрд теңгеге жуық қаражат "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде берілді. Одан бөлек, "Іскер" бағдарламасы бойынша әлеуметтік осал азаматтар қатарындағы кәсіпкерлер арасында танымал, оларды қолдауға 4 млрд. теңгеден астам сомаға несие берілді.

Тағы бір мағызды ақпарат, аграрлық несие корпорациясы жеке қаржы институттарын а/ш саласын қаржыландыруға белсенді түрде тартуда. 

Осылайша, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қоғамның тікелей несие беру үлесіне небәрі 35% тиесілі, қалған 65% - ы кредиттік серіктестіктерді қорландыру құралдары, ЕДБ, МҚҰ, АИО және лизингтік компаниялар арқылы іске асырылды. Мұндай тәсіл шалғай ауылдарда да жұмыс істейтін фермерлердің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл өз кезегінде, ауылды жерлердегі ШОБ сегментін дамытуға айтарлықтай көмектесетіні анық.

Маңыздысы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржыландыру өңірлерде мультипликативтік экономикалық нәтиже беруде. Мысалы, Семей қаласындағы "Макай" ЖШС өсімдік майы мен күнжара өндіретін зауыты. Биыл кәсіпорын "Агробизнес" бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толықтыруға несие алды. 

Бөлінген қаражатқа компания жергілікті шаруа қожалықтарынан күнбағыс тұқымын сатып алып, майлы өнімдерді өткізу бойынша шаруалардың мәселесін шешсе, бір жағынан өнімнің шикізат күйінде шет елге шығуын азайтты. Есесіне компания дайын өнімді жергілікті нарықта табысты сатып және Қытайға, Өзбекстанға және Ресейге экспорттай бастады. Сондай-ақ, зауыт қосымша жабдықтар мен арнайы техника сатып алған және қазір өндірістік циклда тәулігіне 50 тонна өнім шығаратын 60 қызметкер жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы