Осы қарқынмен жұмысты жалғастыру керек – Тоқаев

26 Сәуір 2022, 15:59
2130
Бөлісу:
Осы қарқынмен жұмысты жалғастыру керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  

Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ оны институционалдық тұрғыда жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар. Өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынмен жұмысты одан әрі жалғастыру керек, - деп атап өтті Президент өз сөзінде. 

Сонымен қатар ол бір айдан астам уақыт бұрын өзі ұсынған саяси реформалар бағдарламасының халық арасында кеңінен талқыға түсіп, қолдау тапқанын алға тартты.  

Ол қоғамда белсенді талқылауға түсті. Сарапшылар соның ішінде, Amanat партиясының алаңында жан-жақты талдау жасады. Жалпы бағдарлама азаматтар арасында жылдар бойы пісіп-жетілген әлеуметтік сұранысқа барынша лайықты жауап ретінде ауқымды қолдау тапты. Сондықтан менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жобасының жұмыстары басталды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы