Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Осы аптада елімізде қандай ауа райы күтіледі?

13 Қазан 2025, 14:29
826
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде синоптикалық жағдайға Солтүстік антициклон әсер етеді, ол жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыста жаңбыр, ал республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ел бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта – тұман, оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.

Еліміздің басым бөлігінде түнгі ауа температурасының төмендеуі 5-13 градус аязға дейін күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте 5-13 градус жылы болады. Күндіз негізгі температуралық фон 0-10 градус жылы, батыста 7-17 градус жылы, ал оңтүстікте 15-25 градус жылы шамасында сақталады.

Өзгелердің жаңалығы