Қостанайлық шекарашылар 131 тасбақаны шекара асудан сақтап қалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай-Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы&nbsp;ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 6 Сәуір 2019 2019, 10:26
6 Сәуір 2019 2019, 10:26
3251

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде шекарашылар жекеменшік жеңіл автокөлігімен «Қостанай-Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан 24 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұстауға себеп, аталған азаматтың көлігінің жүксалғышынан табылған тасбақалар болды. Жалпы саны 131 тасбақаның нарықтағы құны 1300000 деп есептелінді. Құжатсыз «тірі тауар» актіленіп, Қарабалық аудандық малдәрігерлік бақылау комитетінің мамандарына тапсырылды", - делінген таратылған ақпаратта.

 


 

Наверх