Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы тәулікте Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның жаңа 2 жағдайы тіркелді.
COVID-19 -ты жұқтырып алған 1987 жылы туған ер кісі және 1950 ж.т. зейнеткер. Олар бұрын ауырып қалғандармен қатынасқан. Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды. Зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша COVID19 диагнозы расталды. Қазіргі таңда аталған азаматтар қажетті ем алып жатыр, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауырып қалған азаматтармен қатынасқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлады Жедел ақпараттық штабы.18.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде COVID19 инфекциясымен 11 адам анықталды.