Қостанай облысында болған өрттен үш адам қайтыс болды

6 Маусым 2020, 15:40
2566
Бөлісу:
Қостанай облысында болған өрттен үш адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Лисаковск қаласы маңындағы саяжайда өткен түнде өрт шығып, салдарынан үш адам қайтыс болды. Олар бір отбасының мүшелері болған.


Шақыру түскен соң оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бір жарым сағат ішінде 35 шаршы метр аумақты жайлаған тілсіз жауды ауыздықтаған. Жалын сөндірілгеннен кейін күлдің арасынан 1955 жылы туған әйел адам, оның 36 жастағы ұлы мен немересінің мәйіті табылған.

Қазір мамандар өрттің шығу салдарын зерттеп, тергеу жұмыстарына кірісті. Болжам бойынша саяжайдың өртенуіне отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында болған өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев оқиғаның мән-жайын тілшілерге телефон арқылы жеткізді.  
Электр тоғы жоқ. Пеш те жоқ. Полицейлердің айтуынша, олар ішімдікке салынған, тіркеуде болған екен. Оқиғаның себебі отты дұрыс пайдаланбаудан деп болжап отырмыз. Биыл мамыр айында біздің қызметкерлер саяжайда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, сол үйде болған. Саяжай иесінің өрт қауіпсіздігін ескеру деген қол қойылған нұсқаулығы бар, - деп мәлімдеді Орынбаев.

Өзгелердің жаңалығы