Ослодағы АҚШ елшілігінде болған жарылыс террорлық акт болуы мүмкін – полиция

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс елшілік ғимаратының қоғамдық кіреберісінде болған.

 Reuters Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
533
Фото: Reuters

Осло қаласындағы АҚШ елшілігі аумағында болған жарылыс террорлық акт болуы мүмкін. Бұл туралы Норвегия полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Жарылыс жексенбіге қараған түні орын алған. Соның салдарынан елшілік ғимаратына аздаған зақым келгенімен, зардап шеккендер жоқ.

Норвегия полициясының бірлескен тергеу және барлау бөлімінің басшысы Фроде Ларсеннің айтуынша, тергеу барысында терроризм нұсқасы да қарастырылып жатыр.

Нұсқалардың бірі – бұл террорлық әрекет болуы мүмкін. Алайда біз әзірге тек осы болжаммен ғана шектеліп отырған жоқпыз, – деді ол NRK телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс елшілік ғимаратының қоғамдық кіреберісінде болған. Оқиға орнына полиция мен криминалистер жіберіліп, тергеу басталды.

Норвегия билігі АҚШ дипломаттарымен байланыста екенін мәлімдеді. Әзірге АҚШ Мемлекеттік департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ал Эспен Барт Эйде дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігі Норвегия үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Полиция оқиғаға куә болған азаматтарды ақпарат беруге шақырып отыр.

Наверх