Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалаңашкөлден такси жүргізушілері туристерді қалаған демалыс орындарына жеткізеді. Ал 15-ші маусымнан бастап Алакөлге дейін күнделікті автобустар қатынай бастайды, деп хабарлайды Altaynews.
Алакөлге қарай қарай пойыз «Өскемен-1» бекетінен (бұрынғы Защита) тақ күндері сағат 15:35-те жолға шығады. Жалаңашкөл бекетіне келесі күні сағат 10.35-те жетеді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай анықтамалық-ақпараттық қызметінің мәліметінше, плацкарт билетінің құны – 3837 теңге, купе билеті – 5740 теңге.
Алакөлге қатынайтын автобусқа билеттер қазірдің өзінде алдын ала сатылып жатыр. Күнделікті рейстер 15-ші маусымнан басталады. Автобустар Абай даңғылында орналасқан Өскемен автовокзалынан шығады. Билет құны: ересектерге – 5000 теңге, балаларға – 2500 теңге.
Алакөлге ұшатын әуе рейстері туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Олар 21-ші маусымнан басталуы мүмкін.