Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында Amanzholov University-ге Тәжікстандағы Сотим Улугзод атындағы Халықаралық Шет тілдер университетінен 16 студент келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген шетелдік студенттермен кездесіп, қонақтарды оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және тәрбие қызметімен таныстырды.
Шетелдік студенттер 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрін ШҚУ-да оқиды. Студенттер «Шет тілі: екі шет тілі» және «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.
Университет қызметкерлері қонақтардың оқу орынында сабақтары басталып, аяқталғанға дейінгі мерзімге арнайы бағдарлама әзірлеген. Ерікті студенттердің сүйемелдеуінен бастап, «BuddyFest» шарасына дейін қамтылған.
Еске салайық, бұған дейін С. Аманжолов атындағы ШҚУ Тәжікстанның беделді жоғары оқу орындарының бірімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Бүгінде Халықаралық Шет тілдер университетінде тәжік филологиясы, орыс филологиясы, ағылшын тілі, шығыс тілдері және еуропалық тілдер факультеті бар.