Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полицейлері қараша айының соңында Өскемен қаласы тұрғындарының бірі үйінде ойық қару патрондарын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны анықталды, ол сейфте қаруға арналған 20 патронды сақтаған.
Сарапшының қорытындысына сәйкес 7,62 мм калибрлі патрондардың бірі Калашников автоматынан атуға арналған және 7,62 мм калибрлі ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер болып табылады, ал қалған 19 патрон ойық және аралас аңшылық қарудан атуға арналған 5,6х39 мм аңшылық патрондар. Патрондар зауыттық әдіспен жасалған және атыс жасауға жарамды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқ-дәрілердің аталған азаматта болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, - дейді ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.