Өскемендік сапаржайда 15 адамның кепілге алынғанын айтып, әзілдемек болған

5 Қаңтар 2024, 11:31
518
Бөлісу:
Өскемендік сапаржайда 15 адамның кепілге алынғанын айтып, әзілдемек болған
Фото: Polisia.kz

ШҚО тұрғыны кепілге алынған 15 адам туралы орынсыз әзілі үшін жазаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қаңтарда полицияға әйел қоңырау шалып, Өскемен автовокзалында террористер 15 адамды кепілге алғанын хабарлады. Полиция дереу оқиға орнына барды.

Тексеруден кейін ақпараттың жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдескен қаланың 59 жастағы мас тұрғыны болып шықты. Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама" бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы