Өскемендік полицейлер суицидтің алдын алды

25 Ақпан 2022, 22:28
1373
Бөлісу:
Өскемендік полицейлер суицидтің алдын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері суицидтің алдын алды, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Кеше сағат 21.35 шамасында Назарбаев даңғылын патрульдеп жүрген полиция қызметкерлеріне ер адам жүгінген. Ол тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреудің өз-өзіне қол жұмсау үшін тамағына пышақ төсеп тұрғанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары шұғыл түрде сол жерге келіп жетіп, қолында пышағы бар 30 жастағы еркекті көрді. Ол суицид жасайын деп тұрған. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартуға тырысты. Сол уақытта ШҚО ТЖД-ның психологы Светлана Андрусенко көмекке келіп, жігітті сөзге айналдырды. Ыңғайлы сәт туғанда полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, тұрғынның қолындағы пышақты алып алған, – дейді басқарма бастығы Андрей Мула. 

Қазіргі уақытта ер адамды осындай қадамға ненің итермелегені анықталуда. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы