Өскемендегі жылу электр орталығы 4,6 млн теңге айыппұл төлейтін болды

1 Маусым 2021, 23:30
5605
Бөлісу:
Өскемендегі жылу электр орталығы 4,6 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстандағы департаменті жоспардан тыс тексерудің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Департаменттің деректері бойынша, облыс орталығындағы жылу электр орталығының басшылығы қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу тәртібін сақтамай, заңға қайшы әрекетке барған. ЖЭО тарапынан мынадай қағидаттар бұзылған: барлық әлеуетті өнім берушілерге сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік орнату.

Осыған байланысты «Өскемен ЖЭО» ЖШС ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 667 200 теңге көлемінде айыппұл төлейді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы