Өскемендегі жатақханада өрт шығып, студенттер эвакуацияланды

Өрт 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Жатақхана әкімшілігі студенттерді эвакуациялауды ұйымдастырды.

 ҚР ТЖМ 13 Қазан 2026, 23:28
13 Қазан 2026, 23:28
105
Фото: ҚР ТЖМ

Өскемен қаласында 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі студенттер жатақханасының бір бөлмесінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабатта болған.

Өрт 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Жатақхана әкімшілігі студенттерді эвакуациялауды ұйымдастырды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол бермей, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауды ескертті. Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх