Өскеменде жертөледен ер адамның мәйіті табылды

5 Қыркүйек 2022, 23:58
1129
Бөлісу:
Өскеменде жертөледен ер адамның мәйіті табылды

Өскеменде көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы BAQ.KZ ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Департамент мәліметінше, 3 қыркүйек күні қалалық ПБ Үлбі бөлімшесіне Шәкәрім даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі подъезден мәйіттің иісі шығып тұрғаны жайлы хабар түскен.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанды.Тексеру барысында жертөледен 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаттары жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы