Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Айыппұл төлемегендердің көлігі арнайы тұраққа апарылады, деп хабарлады Алтайньюс.
Полиция басқармасының ақпаратынша, бұл әкімшілік айыппұлдарды төлемегендерді анықтауға бағытталған іс-шара. Ол 11-13 қыркүйек аралығында атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп өткізіледі.
Полиция мәліметінше тиісті соманы төлемегендердің көлігі айып тұрағына апарылады.
"Айыптан жалтарғандардың мәселесі әуелі сотта қаралады. Сот шешімі шыққан соң оның көлігі айып тұрағына апарылады. Тиісті соманы төлеген соң ғана иесіне қайтарылады", – деп түсіндірді басқарманың баспасөз қызметі.