Өскеменде трамвайлар жүрмейтін болды

4 Қазан 2023, 08:27
478
Бөлісу:
Өскеменде трамвайлар жүрмейтін болды

Өскемен қаласында 10 күн бойы трамвайлар жүрмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рельстегі жөндеу жұмыстарына байланысты қалада трамвайлар уақытша тоқтайды. Бұл туралы «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-дан мәлім етті.

Үлбі көпірінен шыға берістердегі трамвай жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының басталуына байланысты 10 күн бойы, нақты айтқанда 4-13 қазан аралығында трамвайлар қатынамайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз, - делінген ақпаратта.

Бұл аумақтағы трамвай жолдарына жөндеу жұмыстары соңғы рет 1995 жылы жүргізілген. Бүгінде учаскедегі рельстер жарамсыз күйде.

Өзгелердің жаңалығы