Өскеменде трамвай тағаннан тайып кетті

1 Қыркүйек 2022, 07:20
1247
Бөлісу:
Өскеменде трамвай тағаннан тайып кетті

Өскеменде трамвай тағаннан тайып кетіп, жеңіл көлікке соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.

Жол апаты кеше Абай даңғылында болған.

Трамвай жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған. Соның салдарынан вагон жолдан шығып, Suzuki автокөлігімен соқтығысты. Трамвай жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы