Өскеменде төртінші қабаттан бала құлап кетті

14 Шілде 2022, 19:07
1201
Бөлісу:
Өскеменде төртінші қабаттан бала құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде төрт жастағы балақай 4-ші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кетті.

Баланың қолы сынып, миы шайқалған. Реанимациядан нейрохирургияға ауыстырылды. Қазір жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа деңгейде. Ұйқысы мен тәбеті бұзылмаған, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Төтенше қызметтің хабарлауынша, бала үйде жалғыз қалмаған, оқиға болған сәтте анасы үйде болыпты.

Өзгелердің жаңалығы