Облыс орталығында қоғамдық орындарда темекі шеккен жеті жүзден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
2022 жылы Өскеменде қоғамдық орындарда темекі шеккен 705 адам ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Қоғамдық орындар дегеніміз – тұрғындар демалатын, тұрғындарға қызмет көрсетілетін және түрлі іс-шаралар өткізілетін жалпыға ортақ орындар.