Өскеменде таяуда көкөніс сақтайтын бірегей қойма ашылады

21 Қараша 2023, 05:41
515
Бөлісу:
Өскеменде таяуда көкөніс сақтайтын бірегей қойма ашылады
Фото: baq.kz

Бірегей қойма дегеніміз – «Алтай» көтерме-тарату орталығы. Бұл орталықтың ашылуы көктемгі маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын бақылауға септігін тигізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заманауи мұздатқыш қондырғылар көкөністерді келесі жылдың маусым-шілде айларына дейін сақтай алады. Бұл көктемде қоймадағы көкөністер жарамсыз болып, ал базардағы баға шарықтап кеткен кезде де жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көтерме-тарату орталығын іске қосу бойынша жоба аяқталуға шақ қалды. 20 мың шаршы метр аумақта жергілікті өндірушілердің жеміс-көкөністерімен қатар басқа да аймақтардан әкелінген өнімдер орналастырылады, - деді «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бағаны тұрақтандыру департаментінің директоры Артем Демидов.

Оның айтуынша, «Алтай» көтерме-тарату орталығы құрылысының инвестициялық жобасын жүзеге асыруда «Ертіс» ӘКК-ның үлесі 49%-ды, ал жеке инвестордың үлесі 51%-ды құрайды.

Орталықты іске қосу облыс орталығының ғана емес, жақын маңдағы аудандардың халқының да қажеттілігін жабады. Оның тұрған орны да өте ыңғайлы. Алматы тас жолының бойында Өскеменнің шыға берісінде орналасуы көкөніс, картоп және басқа да өнімдер тиелген жүк көліктеріне қалаға кірмей-ақ бірден көтерме-тарату орталығының аумағында жүктерін түсіруге қолайлы болмақ, - деп атап өтті Артем Демидов.

Өзгелердің жаңалығы