Өскеменде сауда дүңгіршектері сүріліп жатыр

3 Наурыз 2023, 18:05
812
Бөлісу:
Өскеменде сауда дүңгіршектері сүріліп жатыр

Облыс орталығында заңсыз орналастырылған сауда дүңгіршектерін бөлшектеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері он дүңгіршек бөлшектелді. Бұл туралы Altaynews жазды. 

Дүңгіршектерді көбінесе көпқабатты үйлердің және сауда орталықтарының аумағына заңсыз орналастырады. Мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетінше иемдену заңнамаға қайшы келеді. Мұндай жағдайда әкімшілік айыппұл салу және нысандарды мәжбүрлеп бөлшектеу қарастырылған, - деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Облыс орталығында 2022 жылы 69 дүңгіршек, 2023 жылдың басынан бері 10 дүңгіршек бөлшектелді.

Өзгелердің жаңалығы