Өскеменде Рыпакованың жүлдесі сарапқа салынуда

30 Қаңтар 2021, 23:56
1370
Бөлісу:
Өскеменде Рыпакованың жүлдесі сарапқа салынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан VI Халықаралық турнир өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жерлес спортшымыздың жүлдесіне арналған бұл турнир 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тек өткен 2020 жылы жарыс белгілі себептерге байланысты өтпей қалған.

Биыл аталған турнир қиындықтарға қарамастан әдеттегі қаңтар айында, өз уақытында ұйымдастырылды. 

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ШҚО әкімі Даниал Ахметов атлеттерге сәттілік тілей отырып,  спорт - еліміздің әлем алдындағы абыройын асқақтатып, жетістігін көрсететін бірден-бір құрал екендігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы