Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты ашылды

20 Қазан 2022, 05:41
1028
Бөлісу:
Өскеменде қоқыс сұрыптау зауыты ашылды

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау зауыты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Заман талабына сай бірегей кәсіпорын бір жарым жыл дегенде ақыры жұмысын бастады. Осылайша шыны, металл, қағаз бен пластик заттарды енді екінші қайтара өңдеуге мүмкіндік бар. Компания бір сағаттың ішінде 25 тонна қалдық сұрыптай алады. Жылдық қуаты 100 мың тонна. Мұнда барлық жұмыс автоматтандырылған.

Бұл Орталық Азиядағы бірегей зауыт деуге болады. Мәселен конвейрлерге рентген орналасқан. Осылайша оған түскен қалдықтар автоматты түрде сұрыпталып, ыдыстарға жиналады. Тіпті пластиктің үш түрін анықтап, полиэтилен пакеттерді де құрамына қарай ажырата алады. Енді қоқыс полигонына тек органикалық заттар ғана жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы