Өскеменде Назарбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт болды. Құтқарушылар жанып жатқан үйден 4 адамды алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінің екі буыны құрылды. Олар 35 жастағы әйелге және 48, 40 және 34 жастағы үш ер адамға көмектесті. Дәрігерлер зардап шеккендерді тексеріп, үйге жіберді.
Өрт алаңы 90 шаршы метрді құрады.
Өрттің себебі – сөндірілмеген темекі болып шықты. Алдымен веранда өртеніп, кейін өрт бірден үйдің шатырына тарады. Өртті жоюға жеке құрамның 19 адамы мен 5 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Бұл ретте ШҚО ТЖД келесі қауіпсіздік шараларын ұсынады:
- Үйден шықпас бұрын әрқашан пештің өшірілгенін тексеріңіз, ашық отты қараусыз қалдырмаңыз;
- Төсекте темекі шегудің жаман әдетіне ерекше назар аудару керек, бұл жазатайым оқиғалар мен өрттерге әкеледі.
- Өрт анықталған жағдайда бұл туралы 101 немесе 112 телефондары арқылы дереу хабарлау қажет. Диспетчерге нақты мекен-жай беріп, не болғанын хабарлаңыз да пәтерден немесе үйден тез арада шығыңыз.