Өскеменде оқушылар үш көлікті өртеп жіберді

3 Наурыз 2022, 22:30
1273
Бөлісу:
Өскеменде оқушылар үш көлікті өртеп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде оқушылар үш бірдей шетелдік көлікті өртеп жіберген. Көліктердің бірі мектеп мұғаліміне тиесілі болған, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқушылар BMW, Lexus және Nissan Liberty көліктерін өртеп жіберген. Зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласқаннан кейін бейнебақылау камерасы арқылы бұзақылардың кім екені анықталған.

Полиция қызметкерлері 8-11 жас аралығындағы үш баланы ұстап, бөлімшеге әкелді. Қазір бұл іс бойынша ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтірді) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы