Өскеменде оқушы қызды көлік қағып кетті

16 Қыркүйек 2022, 04:52
971
Бөлісу:
Өскеменде оқушы қызды көлік қағып кетті

Облыс орталығындағы Бажов көшесінде 11 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

14 қыркүйекте Kia Rio маркалы автомобильдің 53 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 11 жасар қызға жол бермеді. Абырой болғанда қыз бала ешқандай жарақат алмаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Kia Rio маркалы көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кету керек, аталған баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы