Өскемендегі өрт сөндірушілер мейрамханада шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және 8 техникасы тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Шатырдың құрылымы ағаштан жасалғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты, осыған байланысты өрт тез тарады. 150 шаршы метр аумақты алған өрт сөндірілді. Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - сору конструкциясын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрлік өкілдері кәсіпкерлерден төмендегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- бұзушылықтарды уақтылы жою;
- объектіде жарамды өрт дабылы болуы керек;
- өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы керек;
- эвакуацияның жолдарын бос ұстау;
- электр желісін шамадан тыс жүктемеу.