Өскеменде мейрамхана өртенді

20 Қараша 2023, 07:50
405
Бөлісу:
Өскеменде мейрамхана өртенді
Фото: baq.kz

Өскеменде Грузинская көшесіндегі мейрамхана шатырының ағаш құрылымдары отқа оранған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде өрт сөндірушілер мейрамханадағы қызыл жалынды жылдам ауыздықтады.

Грузинская көшесіндегі мейрамхана шатырының ағаш құрылымдары отқа оранған. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Оған дейін мейрамханаға келушілер мен сонда жұмыс істейтін қызметкерлер өз беттерімен сыртқа шығып кеткен, - делінген ақпаратта.

Тілсіз жаумен күреске барлығы жеке құрамнан 35 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында жалынның ары қарай таралуына жол берілмеді.

Мәлімет бойынша зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы