Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз көз жұмды

Бүгiн, 20:19
236
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні қарауыл қызметін атқару кезінде болған. Көрсетілген көмекке қарамастан, әскери қызметшіні аман алып қалу мүмкін болмады. Ол былтыр сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Оқиға бойынша ҚР ІІМ-нің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеуді ведомствоның Өскемен бөлімі жүргізіп жатыр. Тергеу барысы гарнизонның Әскери прокуратурасының бақылауында.

Мән-жайды объективті әрі жан-жақты анықтау үшін оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жіберілді. Комиссияны қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков бастап барды.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қолданыстағы заңнама аясында қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы