Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті

4 Маусым 2022, 14:42
1664
Бөлісу:
Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-маусым - Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай, облыс орталығындағы Тәуелсіздік монументінің жанында салтанатты шара өтті, деп хабарлады Алтайньюс.

Көк туымыз желбіреп, Тәуелсіздіктің салтанат құрғанына биыл 30 жыл толды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қадірлеу бәріміздің міндетті борышымыз. Тағдыр бізге тәуелсіздік бақытын сыйлап, оны көзіміздің қарашығындай сақтауды аманат етті. Сол аманатқа берік болуымыз керек, - деді қала әкімі Жақсылық Омар өзінің құттықтау сөзінде.

Шара барысында мемлекеттік қызметкерлер салтанатты түрде ант беріп, шаhар басшысы жас мамандарға қызметтік куәлік тапсырды. 

Бүгін қаламызда дәстүрлі түрде Мемлекеттік рәміздер күні тойланып жатыр. Біздің елдің әрбір азаматы рәміздерге асқан құрметпен қарайды деп ойлаймын. Көк туымыз үнемі тек әлемдік ареналардан көрініп, әнұранымыз шырқала берсін, - деп атап өтті Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.

 

Өзгелердің жаңалығы