Өскеменде Қызыл кітапқа енгізілген құстарды аулағандар ұсталды

8 Қараша 2020, 10:16
2263
Бөлісу:
Өскеменде Қызыл кітапқа енгізілген құстарды аулағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменнің екі тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін құстарды аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews.

Бұл қылмыс «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шара аясында облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы және облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіні қызметкерлерінің бірлескен жұмыс нәтижесінде ашылып отыр.

Тергеу амалдары барысында ителгі тұқымды сирек кездесетін екі құс Тарбағатай ауданы аумағында ауланғаны анықталды. Сондай-ақ, құстарды аулауға арналған торы бар металдан жасалған құрал тәркіленді. 

37 және 43-жастағы екі тұлғаға  қатысты Қылмыстық кодекстің 339 бабының 1 бөлімі бойынша тергеп-тексеру әрекеттері басталды, - деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.


Өзгелердің жаңалығы