Өскеменде көшеге Қанипа Бітібаеваның есімі берілді

1 Мамыр 2021, 19:52
3108
Бөлісу:
Өскеменде көшеге Қанипа Бітібаеваның есімі берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Өскемен қаласындағы көшелердің біріне Қанипа Бітібаеваның аты беріліп, мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Өскеменде көшеге Қанипа Бітібаеваның есімі берілді

Шараға қала әкімі Жақсылық Омар, Қанипа Омарғалиқызы ұстаздық еткен шәкірттер мен бірқатар қоғам өкілдері қатысты.

Қанипа Омарғалиқызы – қазақ педогогикасында ойып тұрып өзіндік орын алған, ұстаздық жолда өзінің есімін қалдырған ерекше тұлға. Ол кісі талай шәкірт тәрбиеледі. Өзінің 45 жыл өмірін осы педогогика саласына арнаса, оның 35 жылы осы Жамбыл атындағы интернатта өткізді, - деді қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы.

Өскеменде көшеге Қанипа Бітібаеваның есімі берілді

Жаңа мемориал тақта дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы Облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қабырғасына орнатылды.

Осы күнді көптен күтіп едік, сəті бүгін түсті! Көзі тірісінде Қазақтың Қанипасы, Хан Апа атанған, бүкіл саналы ғұмырында ұлтының ана тілі мен əдебиетін, Абай мен Мұхтарды ту етіп, халқына адал қызымет еткен, үстаздық мамандықтың биік шыңына көтеріліп, мыңдаған ұлтжанды шəкірттер тəрбиелеген, ұлағатты ұстаз, қазақтың аса білімді, өжет қызының атына көше беріліп, 35 жыл қызымет жасаған Жамбыл атындағы гимназияның қабырғасына құрмет тақтасы ілінді. Осы шараның басы қасында жүрген, қаншама қарсылықтарға қарамастан, бұхараның өтінішін аяқсыз қалдырмай, аяғына дейін жеткізген қала əкімі Жақсылық Мұқашұлына алғысымыз шексіз! Қаламызда дəл осындай ел көңілінен шығатын жарқын істер көбейе берсін! - деді Қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков.

Өзгелердің жаңалығы