Өскеменде колледж студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылады

3 Қаңтар 2024, 23:25
495
Бөлісу:
Өскеменде колледж студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылады
Фото: baq.kz

Бүгінде қалада барлығы алты жатақхана бар. Жақында көпсалалы технологиялық колледж студенттеріне арналған тағы бір жаңа, жайлы және заманауи жатақхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысан студенттерді қабылдауға толықтай дайын. Бүгінде пайдалануға беру бойынша құжаттары дайындалып жатқан көрінеді.

Колледж жатақханасы бейнебақылау камераларымен жабдықталған, онда IT-сыныптар, оқу кабинеттері, тренажер зал және медициналық пункт бар. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де жағдай жасалған.

Жатақхана 244 орындық. Бүгінгі таңда көпсалалы колледж студенттері үшін 144 орын жеткілікті. Басқа оқу орындарының студенттерін де оларды осында орналастыруға болады, - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда студенттер үшін барлығы 15 жатақхана жұмыс істеп тұр.

Өзгелердің жаңалығы