Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қала аумағының сейсмикалық қаупін анықтап, баға беру үшін топырақ құрамын инженерлік, геологиялық және геодезиялық зерттеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Зерттеу нәтижесі бойынша, Өскемен қаласын сейсмикалық аудандастыру карталары әзірленеді. Бұл құрылыс саясатына (жобалау және күрделі құрылыс салуға) керек.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, ғылыми-зерттеу бағдарламасына қатысушы «Сейсмология институты», «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы», «AspanTauLTD», «ЭЛЬБРУС-ГЕО» компанияларының мамандары Өскеменге келіп, жыл соңына дейін тектоникалық құрылымдарды нақтылау бойынша аспаптық зерттеулер жүргізетін болады.
«Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» жобасы 2021-2024 жылдарға арналған жол картасы бағдарламасы шеңберінде өтіп жатыр.