Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәжікстан Республикасының тәртіп сақшыларына қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетерлік жайт, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірді.