Өскеменде ірі өрт тежелді

17 Қазан 2023, 08:06
440
Бөлісу:
Өскеменде ірі өрт тежелді
Фото: видеодан скрин

Өскеменде 17 қазанда Примыкание көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шықты. Май экстракциялау кешенінің кептіргіш камерасында күнбағыс дәні өртенген. Өртті сөндіруге барлық жедел қызметтер жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

.Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрттің шығу себебі технологиялық процестің бұзылуына байланысты болған.

Өрт сөндірушілер мен жұмылдырылған барлық құрылымдардың жедел қимылының арқасында қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды.

Өрт сағат 6:25-те толық тоқтатылды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге жеке құрамнан 61 адам мен 15 техника, "Таза Өскемен" ЖШС-нен 6 адам мен 3 техника, сондай-ақ "ҚТЖ ҰК" АҚ-ның өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өрт сөндіру қызметі 3000 тоннаға жуық дайын өнімнің жанып кетуіне және жақын маңда орналасқан өрт қауіпті құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Өзгелердің жаңалығы