Өскеменде иесіз иттерге арналған «баспана» салынады

13 Ақпан 2021, 21:15
1581
Бөлісу:
Өскеменде иесіз иттерге арналған «баспана» салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһарды аралап, қаңғыбас иттерді асырайтын орын салуға арналған жер учаскесіне барды, деп хабарлайды Алтайньюс. 

Әкім «Доверие» қоғамдық ұйымының өкілі Елена Скосаревамен кездесті. 

Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатыр. Былтырғы жылы осы мәселе төңірегінде «Преданное сердце» деген қоғамдық ұйыммен жұмыс істеген болатынбыз. Алайда ол кісілер бұл жұмысты соңына дейін жеткізе алмады. Ал осы жылы «Доверие» қоғамдық ұйымымен жұмыс бастап отырмыз, – деді қала басшысы. 

Аталған қоғамдық ұйымға 20 сотық жер бөлініп отыр. Күн жылына салысымен демеушілер мен осындай қоғамдық ұйымдардың көмегімен иттерге арналған «баспана» құрылысы басталмақ. 

Өкінішке қарай, қала әкімдігі бұл жұмысты өз мойнына ала алмайды. Себебі ешқандай заңдық негіз жоқ. Осы аталған қоғамдық ұйымдар мен демеушілер осы жұмысты ары қарай жалғастыратынына сенеміз. Бізде қолымыздан келгенше көмектесеміз, – деп түсіндірді Жақсылық Омар.


Өзгелердің жаңалығы