Өскеменде есірткі қабылдап, көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды

14 Маусым 2023, 06:29
542
Бөлісу:
Өскеменде есірткі қабылдап, көлік тізгіндеген зейнеткер ұсталды
Фото: ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі

Өскемен қаласының полицейлері есірткі қабылдап көлік тізгініне отырған зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Гагарин бульвары көшесінде патрульдеу кезінде «Porsche Cayenne» маркалы көлікті байқаған. Жүргізуші жолдағы жолақтан қарсы бағытқа қайта-қайта шығып, жылдамдықты біресе арттырып біресе төмендеткен.

Полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзған көлік жүргізушісін тоқтатты. Сөйлесу кезінде полиция қызметкерлері одан айқын мас күйдегі адамның белгілерін байқаған. Медициналық куәландыру 66 жастағы азаматтың каннабиноидтарды қолданып, есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті, - делінген ақпаратта.

Зейнеткерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Өткен аптада полиция қызметкерлері көлікті мас күйде басқарған 40 жүргізушіні анықтаған.

Өзгелердің жаңалығы