Өскеменде ер адам лото-клубты тонап кетті

17 Қараша 2022, 04:38
877
Бөлісу:
Өскеменде ер адам лото-клубты тонап кетті

Өскемендік полицейлер лото-клубты тонап кеткен ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ-ның 102 жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама келіп түскен. Ол түнгі уақытта бейтаныс жігіт қаланың лотерея клубтарының бірінде кассадан 1,4 млн теңге көлемінде ақша қаражатын ашық ұрлап кеткенін айтқан.

Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің жедел әрекет етулеріне байланысты күдікті ұсталды. Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды. Алайда толық көлемде емес. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Кінәсін мойындаған жағдайда шығысқазақстандыққа 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген ІІМ ресми сайтында.

Өзгелердің жаңалығы