Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі Ана мен бала орталығының қызметкері лифтінің есігіне қысылып, жазатайым жағдайда қаза болды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Медициналық мекемеде электрик болып жұмыс істейтін азамат лифтіге кіре бергенде есіктер бұғатталып қалған.
Есік тарс жабылып, кіріп бара жатқан адамды қысып қалған. Лифт бірінші және екінші қабаттың ортасында тоқтап қалды. Қызмет көрсетуші компанияға шағым айттық. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті оқиғаның мән-жайын анықтайды. Комиссия құрылды. Бұл өндірістегі жазатайым жағдай, – деді «Ана мен бала орталығының» директоры Ермек Омарбеков.