Өскеменде Екібастұздағы жағдай қайталанбайды – кәсіпорын басшылары

Өскеменде Екібастұздағы жағдай қайталанбайды – кәсіпорын басшылары
638

Облыс орталығындағы пәтерлер аптаның аяғында жылынады. Қазір жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан мәлімдеді.

Қазір қазандық іске қосылғанымен, желілік судың температурасы әлі де параметрлерге сәйкес келмей тұрған көрінеді. Екі күні ішінде су желісінің температурасы 100 градустан жоғары деңгейге жетуі керек.

Қазір қалада температура 98-100 градус болатын магистральдар бар. Екі күн ішінде біз оларды 105 градусқа дейін теңестіруіміз керек. Сонда пәтерлерде жылына бастайды, – деп атап өтті Өскемен ЖЭО директоры Айдын Бексолтан.

Сондай-ақ кәсіпорын басшылары Өскеменде Екібастұз ЖЭО-дағы қиын жағдай қайталанбайтынын айтып сендірді.

Біздің жабдықтар толықтай жөнделді және қысқа дайын. Штаттық режимде 8 қазандық пен 8 турбоагрегат жұмыс істеп тұр, – деп түсіндірді кәсіпорын директоры.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы