Өскеменде екі құрылыс компаниясына тексеру жүргізіледі

16 Қаңтар 2023, 20:33
931
Бөлісу:
Өскеменде екі құрылыс компаниясына тексеру жүргізіледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемендегі екі құрылыс компаниясын тексеруді тапсырды.

Өткен аптада өңір басшысы азаматтарды қабылдаған. Бұл туралы Altaynews жазды.

«Өскемен қаласының тұрғындары маған өз міндеттемелерін орындамайтын және нысандарды тапсыру мерзімін кешіктіретін құрылыс компаниялары туралы айтты. Бұл өте маңызды және алаңдатарлық мәселе», - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, тұрғындар үлестік қатысу туралы емес, пәтерлерді брондауға шарт жасасқан. Ал фирмалардың үлестік құрылыс құжаттары мүлде жоқ көрінеді.

«Бұл облыс орталығындағы екінші жағдай. Мен екі компанияның қызметін, сондай-ақ шарттардың заңды аспектілерін тексеретін комиссия құруды тапсырдым», - деді аймақ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы