Өскеменде екі мұз айдыны ашылды

18 Желтоқсан 2020, 06:25
1297
Бөлісу:
Өскеменде екі мұз айдыны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде екі мұз айдыны ашылды: Комсомол аралы мен Алтай стадионында, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл ақпарат Өскемен қалалық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында жарияланып отыр.

Мұз айдындары жұмыс күндері сағат 11.00-ден 23.00-ге дейінгі аралықта, демалыс күндері – 10.00-23.00 аралығында жұмыс істейді.

Қал тұрғындарына мұз айдындарында маскалық режим сақтау жөнінде ескертіледі. Сонымен қатар коньки беру пункттерінде келушілердің санына шектеу қойылған: Комсомол аралында – 5 адамға дейін, "Алтае" стадионында – 10 адам.


Өзгелердің жаңалығы