Өскеменде «Eco Qoldau Home» акциясы басталды

21 Шілде 2021, 11:45
2833
Бөлісу:
Өскеменде «Eco Qoldau Home» акциясы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Өскемен қаласында қалдықтарды бөлек жинауға бағытталған «Eco Qoldau Home» акциясы ресми түрде басталды.

Акцияның ұйымдастырушылары - Өскемен қаласы әкімдігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Оператор ӨКМ» ЖШС.

2030 жылға қарай Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40%-ға дейін, 2050 жылға қарай - 50%-ға дейін арттыру керек. Осы көрсеткіштерге жету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өскеменде «Eco Qoldau Home» акциясы басталды

Stop musor жобасының волонтерлері қала тұрғындарына қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керегі туралы ақпарат беру мен үйретуге белсенді қатысады. Ол үшін 19-20 шілдеде супервайзер мен волонтерлер кәсіби маманның қатысуымен тренингтер мен шеберлік сабақтарынан өтті.

Акция аясында қаланың тұрғын үй аулаларының қоқыс алаңдарында арнайы контейнерлер орнатты. Сары – қоқысты қайта өңдеу үшін және жасыл түсті - органикалық қалдықтар үшін.

Қалада осындай 1 247 контейнер орнатылған. Барлық қалдық қала маңындағы жаңа сұрыптау желісіне жіберіледі.

Өскеменде «Eco Qoldau Home» акциясы басталды

Акция нәтижесі бойынша айдың соңына дейін тұрғындар жобаны қалай қабылдағанын салыстыру арқылы талдау жүргізуді жоспарлап отырмыз. Біз олардың осы идеяны қаншалықты қолдайтындары және оның пайдалы екенін білеміз. Сондай-ақ тұрғындарды Stop musor мобильдік қосымшасы арқылы эко-картаға шағым түсіру арқылы қоқыс мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақырамыз, - деп түсіндірді Stop musor жобасының ұйымдастырушылары.

Айта кетсек, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы 2021 жылы 22 маусымда «Stop Musor» әлеуметтік-экологиялық жобасының екінші кезеңін бастады. Жоба халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Өскеменде «Eco Qoldau Home» акциясы басталды

Жобаның мақсаты - көшеде шашылған қоқыстың қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсері туралы жалпы халықты хабардар ету.

«Stop musor» жобасы 2022 жылдың мамырына дейін жалғасады, былтыр ол пилоттық жоба ретінде тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындарына бағытталған болатын. Енді биыл ұйымдастырушылар елдің барлық қаласын қамтуды жоспарлап отыр. Жобаның бірінші толқыны жақсы нәтиже көрсетіп, миллионнан астам қазақстандықты қамтыды.

Өзгелердің жаңалығы