Өскеменде ер адам дүкендердің бірінде баланы тұншықтырып өлтіре жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Аltaynews.kz сайты жазды.
Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде хабарлады. Әйелдің айтуынша, дүкенде тұрған ер адам алдымен баланы балағаттап, кейін оның тамағынан ұстап алып қылқындырмақ болған, бірақ айналасындағылардың айғайынан кейін жіберген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Белгілі болғандай, балаға тиіскен ер адам психикалық аурумен ауыратын 1968 жылы туған азамат болып шықты.
Осы өтінішке сәйкес, аталған тұлға анықталып, психоневрологиялық диспансердің бөлімшесіне жатқызуға жіберілді, – деп хабарлады ШҚО ПД.
Оқи отырыңыз: