Өскеменде дарынды балаларға мектеп-интернат салынады

11 Наурыз 2023, 08:08
1124
Бөлісу:
Өскеменде дарынды балаларға мектеп-интернат салынады
Фото: azh.kz

19-шы шағын аудандағы тоқтап қалған колледж құрылысы қайта жанданады. Бұл нысан енді мектеп-интернат болып бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімінің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Бұл жерде математика және басқа да цифрлық ғылымдарға жүйрік, дарынды балаларға арналған 910 орындық мектеп-интернат бой көтереді, - деп жазды аймақ басшысы ресми парақшасына. 

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, 2024 жылы «Спорт» шағын ауданында мектеп құрылысы басталады.

Ауқымды спорттық-мәдени кешен салу туралы да қызықты жоба бар. Жалпы, құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, кейбір ескертулер бар, бірақ олар түзетіледі. Жаңа шағын аудандар өмір сапасының барлық стандарттарына сәйкес келетініне сенімдімін, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы