Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтпаев даңғылы мен Ертіс көпірінің Сол жағалау аймағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүру бөлігін 8 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады Алтайньюс.
Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта аталған учаскелерде автомобиль қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін. Ондай жағдайда алдын ала хабарлайтын боламыз және қала халқынан уақытша туындайтын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген Өскемен қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.