Өскеменде бейімдеу орталығынан қашқан бала табылды

27 Қыркүйек 2022, 13:43
853
Бөлісу:
Өскеменде бейімдеу орталығынан қашқан бала табылды

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері бейімдеу орталығынан қашып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқиға 26 қыркүйекте болған. Полицияға кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының орынбасары хабар берді. 13 жастағы жеткіншек сағат 15:20 шамасында орталықтан шығып кеткен.

Тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісті. Ұйымдастырылған жедел-шаралар нәтиже берді. Жасөспірім Аблакетка ауданында азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Денсаулығына ешқандай зиян келмеген, – деп мәлімдеді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы