Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде автовокзал өртенді

4 Тамыз 2024, 12:04
765
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер Өскемен автовокзалы ғимаратындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін 2-қабаттағы сервер бөлмесінде жалын жиһаз бен бөлменің созылмалы төбесін шарпығаны анықталды.

Газ-түтіннен қорғау қызметі 10 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ нысан иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы